Қазақстандық индустрияны дамыту институтының басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап.

«ҚИДИ» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Бекенов Берік Темірғалиұлы «ҚИДИ» АҚ басқармасының төрағасы болып сайланды», - делінген хабарламада.

Берік Бекенов 1980 жылы 19 қазанда Ерейментауда (Ақмола облысы) туған. Білімі жоғары.

С. Сейфуллин атындағы аграрлық институтты, Ақмола экономика және статистика академиясын бітірген. Инженер-механик, экономист. 2012 жылдан бастап ҚР ИДМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болған.

Соңғы жаңалықтар