Қазақстандық имамдар Түркияның теологиялық оқу орындарында біліктіліктерін жетілдіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын 6-7 желтоқсан аралығында Түрік Республикасына іссапармен барып, Түрік Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасының басшысы Мехмет Гөрмез мырза мен Қорлар істері жөніндегі бас директоратының жетекшісі Аднан Ертем мырзамен кездесті.

Келіссөздер барысында мемлекет пен діни бірлестіктердің  өзара әрекеттестігі, діни бірлестіктер мен қорлардың қызметін реттеу жөніндегі мәселелері талқыланып, діни экстремизм және бүлдіргіш идеяларының таралуына жол бермеу тақырыбы бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ діни саладағы ынтымақтастықты жалғастыру жайлы, оның ішінде қазақстандық имамдардың Түркияның жетекші теологиялық оқу орындарында біліктіліктерін арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

 Сонымен қатар, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын елдегі діни ахуалды зерттеу мен болжамдаумен айналысатын «TEPAV» атты Экономикалық саясатты зерттеу қорының жұмысымен танысып, дін саласындағы күрделі зерттеулер жүргізу мен қатар ислам дінінің ханафи мәзһабын белсенді ілгерілететін  "ISAM" Ислам зерттеулерінің орталығына барып қайтты.

Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Түрік Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасына қарасты "ISAM" Ислам зерттеулерінің орталығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

null null  

 

Соңғы жаңалықтар