Қазақстандық гольфші атақты Стэнфорд университетінің командасына қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық 18 жастағы гольфші Дәулет Төлеубаев Стэнфорд университеті командасының құрамына қабылданды. Спортшы енді оқуы мен карьерасын ғасырлық тарихы бар университетте жалғастырады.

 Бұл жайлы университеттің ресми сайтында (Leland Stanford Junior University) жарияланды.

Талантты спортшыны Американың 20-ға жуық университеті өз қатарына шақырды. Олардың арасында Гарвард, Беркли, Принсон, Дьюк сияқты әлемге әйгілі университеттер де болды. Бірақ Дәулеттің өзі Стэнфорд университетін таңдады. Ол Ұлттық студенттер спорты қауымдастығының (NCAA) турнирлеріне қатысу мүмкіндігін алған алғашқы қазақстандық гольфші болды.

Дәулет Төлеубаев жастар және ересектер арасындағы жарыстарда сәтті өнер көрсетіп келеді, ал 2017 жылғы жазда ТМД елдері арасында алғаш рет әйгілі U.S. Amateur гольф турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.

Кезінде аты аңызға айналған гольфші Тайгер Вудс та осы университет командасының намысын қорғаған болатын. Стэнфордта оқыған 20-дан астам гольфшіге университеттің Құрмет Залынан орын берілген, соның төртеуі АҚШ Ұлттық чемпионатында жеңімпаз атанған.

Соңғы жаңалықтар