Қазақстандық герлз бэнд Әзербайжанды жаулап алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық герлз бэнд Turkiss әзербайжандық шоу-бизнесті жаулауға бет алды.

 «ЭХО» газетінің хабарлауынша, танымал әзербайжандық композитор және продюсер Иса Меликов жұртшылыққа қазақстандық трионы таныстырған.

Иса Меликовтың Baku Music Factory YouTube-арнасында Далида, Жанар және Анель орындаған әзербайжан тіліндегі «Cagır məni» әнінің клипын жариялады.

Жарияланған сәттен кейін бір сағат ішінде желі қолданушыларды жағымды пікірлерді, құттықтауларды үйіп-төкті. Әзербайжандық қолданушылардың әнді жылы қабылдағаны анық. «Евровидение - 2011» байқауының жеңімпазы (Эльдар Гасымовпен дуэтте - ред.) Нигяр Джамал да продюсерге өз лебізін білдірді: «Кезекті хитыңмен құттықтаймын! Сен - мықтысың, сенімен мақтанамын!».

Иса Меликовтың айтуынша, топтың қызметі Әзербайжан мен Қазақстанда қатар дамиды, топ «Мамасының баласы» және «Çağir Məni» әндері арқылы жұртшылықтың назарын аударды.

Продюсер қазақстандық әріптесі Дастан Оразбековпен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар