Қазақстандық ғалым ISESCO сыйлығының лауреаты атанды

None
None
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ғылым мен технология саласындағы исламдық ISESCO сыйлығының иегері атанды.

Ислам ұйымының білім, ғылым мен мәдениет саласындағы (ISESCO) сыйлығы ұйымға мүше мемлекеттердің ғалымдарына екі жылда бір рет биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технологиялар саласындағы ерекше ғылыми-инновациялық үлесі үшін беріледі. Сыйлық құрамына арнайы сертификат пен алтын медаль және ақшалай сыйлық кіреді.

«Биылғы жылы бұл сыйлыққа математикалық модельдеу мен техникалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару саласы бойынша қосқан ерекше үлесі үшін қазақстандық ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов лайықты деп табылды. Бұл сыйлыққа ие болу - Мұтановтың ғылыми қызметінің жоғары, халықаралық деңгейде екендігін көрсетеді»,-делінген жоғары оқу орны таратқан хабарламада.

ISESCO сыйлығы 1979 жылы «Ислам конференциясы» ұйым тарапынан ұйымдастырылған бекітілген. Ұйымның қызметі ислам елдерінде ғылым мен білімді және мәдениетті дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар