Қазақстандық экологтар «Союздың» штаттық ұшырылымын растады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 2017 жылдың 17 желтоқсанында «Союз-ФГ»  зымыран тасығышымен (ЗТ) «Союз МС-07» әуе кемесінің ұшырылымы штаттық режімде өткен, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК бас директоры.

Осы ұшырылымға экологиялық сүйемелдеу жасайтын «Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК жұмыс тобы тасығыш зымыранның қапталды блоктары құлайтын орынның географиялық координаттарын анықтаған. Барлық қапталды блоктар Қарағанды облысының Ұлытау ауданында ораналасқан Ю-25 (РП - 16, 49) аймағына келіп түскен, деп атап өтті «Ғарыш-Экология» басшысы.
null 

Қазіргі таңда «Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК қызметкерлері «Союз-ФГ» ТЗ қапталды блоктары құлаған орындардағы қоршаған орта нысандарына экологиялық тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар