Қазақстандық дзюдошылар «Masters» турниріне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошылар 16-17 желтоқсан күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін халықаралық «Masters» турнирі қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл турнирге әлемнің 41 елінен ең таңдаулы 200-ге жуық дзюдошы бақ сынайды деп жоспарланған. Оның төртеуі қазақстандық балуандар. Ел намысын«Masters» турнирінде үш ер, бір әйел спортшы қорғайды.
null 

Ерлер арасында 60 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев сынға түссе, 66 келі салмақта Елдос Жұмақанов және 90 келі салмақта Ислам Бозбаев белдесетін болады. Ал әйелдер арасында ел намысын жалғыз 57 келі салмақта Севара Нышанбаева қорғайды.

Айта кетейік, әлемдік «Masters» турниріне IJF рейтингінде ТОП-16 -ға кірген спортшылар ғана қатыстырылады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленген спортшылар медальдармен бірге 1800 ұпайға, екінші орын алған спортшы 1260 ұпайға, ал үшінші орынды жеңіп алған балуан 900 ұпайға ие болады.

Соңғы жаңалықтар