Қазақстандық дзюдошылар Германияда бес жүлде еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Германияның  Бремен қаласында өткен халықаралық додада жас дзюдошыларымыз  5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 25 елінен 1 мыңнан астам татами шебері қатысқан турнирде Қазақстан дзюдошылары бір «алтын»,  екі «күміс» және екі «қола» еншіледі.

Алтын медальды 55 келі салмақта сынға түкен балуанымыз Дәурен Сүйкенов жеңіп алды. Ал қос «күміске» 55 келіде белдескен Қуаныш Жақсылық пен 100 келіде ел намысын қорғаған Еркебұлан Абдулла қол жеткізді.

Екі қола медальға Қайырберді Айдынбай (55 келі) мен Жасұлан Отарбек (60 келі) ие болды.

Соңғы жаңалықтар