Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында төртінші орынға тұрақтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгте өтіп жатқан Азия Чемпионатында дзюдошылардың жеке жарысы аяқталды. Қазақстанның намысын 18 спортшы қорғады. Нәтижесінде біздің құраманың қанжығасына 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль түсті. Осы көрсеткіштермен Қазақстан 4-ші орында тұр, деп хабарлады бүгін sports.kz.

100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Максим Раков ел намысын абыроймен қорғады. Жарыс басталысымен және жартылай финалда ол барлық қарсыластарын жеңді. Финалдық жарыста корейлік Ким Хуаншеоланы жеңіп, Азия чемпионы болды.

Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) финалда Моңғолия құрамасының спортшысы Мунхбате Уранцэцэцке есе жіберді. Финал ойынына жеткен тағы бір спортшымыз Елдос Жұмақанов (66 келі) та Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионы корей Ан Баулудан жеңілді. Нәтижесінде екі дзюдошымыз да чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Жарыстың екінші күні құрама қанжығасы тағы бір күміс медальмен толықты. Ол 90 келі салмақ дәрежесінде ойын көрсеткен Ислам Бозбаев. Оған ескерту карточкаларын көп көрсетудің салдарынан тәжікстандық Комроншоху Устопириенуден ұтылды.

Шешуші жұбату ойынында Жансай Смағұлов (73 келі) иппон ұпайы арқылы ирандық Мохаммади Баримонлоу Мохаммадты ұтты. Сөйтіп Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ Қазақстан қанжығасына қол медальді Зере Бектасқызы (70 келі) және Гүлжан Исанова (78 келі) салды.

Әйелдер құрамасынан Мариан Урдабаева (63 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Альбина Амангелдиева (-78 келі), сондай-ақ ауыр салмақ бойынша ерлер құрамасы Еламан Ерғалиев пен Ержан Шынкеев Азия чемпионатын 5 орынмен аяқтады.
Еске салсақ, Гонконгте Азия чемпионаты өтуде. 28 мамырда командалық жарыс басталады.

Соңғы жаңалықтар