Қазақстандық дзюдошы IJF рейтингінде 200 сатыға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Агадирде (Морокко) өткен Әлемдік Гран-При кезеңінен соң спортшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

60 келі салмаққа дейінгі Гран-При жеңімпазы Құсман Қырғызбаев 9 сатыдан 7-ге көтерілді. Күміс медаль иегері Ерлан Серікжанов (66 келі) 85-тен 48-ге көтерілді. Қола медальді дзюдошы Бекәділ Шәймерденов (73 келі) 266-дан 73-ке көтерілді.

Еске сала кетейік, Мароккода өткен жарыста қазақстандық спортшылар 1 «алтын», 1 «күміс» және 1 бір «қолаға» қол жеткізген еді.

Соңғы жаңалықтар