Қазақстандық дзюдошы халықаралық Гран Приде «алтын» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мароккода (Агадир) өтіп жатқан Гран При турнирінде қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) финалда түрік балуаны Озлу Бекирді жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат Дзюдо федерациясының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев жарысқа екінші айланымда қосылып, алғашқы қарсыласы словениялық Дэвид Старкелден басым түсті. Өзінің екінші белдесуінде марокколық Джэви Мохаммедтен айласын асырған отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда татами иесі Ясин Моудатирді иппонмен жеңіп, финалға шыққан болатын.

Еске сала кетейік, қазақстандық дзюдошылар Мароккодағы Гран При кезеңінде өнер көрсететіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар