Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде «қола» еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах Әбу-Дәбиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль еншіледі. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Әлемнің және Олимпиаданың қола медаль иегері Галбадрах жартылай финалда Ресей спортшысы Ирина Долговаяға есе жіберді. Үшінші орын үшін күресте қазақстандық дзюдошы венгрлік Ева Черновицкаядан айласын асырды.

Сондай-ақ алғашқы жарыс күні татамиге қазақстандық тағы екі спортшы шықты.

Ғосман Қырғызбаев (60 келі) «қола» үшін күресте өзбекстандық Шарафуддин Луфтиллаевтан жеңіліп қалды. Ал Елдос Жұмақанов (66 келі) осы стадияда Грузиядан келген Важ Маргвелашвилиден ұтылды.

 

Соңғы жаңалықтар