Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты кешенінің шәкірті Ерлан Оңалов Берлинде кадеттер арасында дзюдодан өткен Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null
Аталмыш мектеп-интернаттың әдіскері Гүлдария Сисенованың айтуынша, Ерлан күрескен 50 кг салмақта барлығы 40 палуан бақ сынаған. Ерген Усманов пен Нариман Бекқалиев жаттықтыратын Ерлан Оңалов үшінші орын үшін бәсекеде әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған венгр палуанын 18 секундта ұтып кеткен. Еуропа кубогы да рейтингілік жарыс болып саналады.
null 

Айта кетейік, бұл - Ерланның осындай екінші табысы. Ол биыл Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Еуропа кубогы үшін өткен тағы бір халықаралық жарыста қола жүлдені жеңіп алған болатын. Сондай-ақ бір жыл бұрын Ақтөбе қаласында 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасында топ жарған Ерлан өткен жылғы қыркүйекте Саратовта қаланың ашық кубогы үшін өткен жарыста да жеңімпаз атанған еді.
null 

Соңғы жаңалықтар