Қазақстандық джиу-джитсудан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Айдар Махметов АҚШ-та өткен джиу-джитсудан əлем чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА .

«Бірнеше сағат бұрын Американың Анахайм қаласында IBJJF World No-Gi Championship 2017 джиу-джитсудан әлем чемпионатында қола медаль ұтып алдым», - деп жазады спортшы өзінің Facebook -тегі парақшасында.

Ол алған алған жарақатына қарамастан жақсы нәтижеге қол жеткізгендігін атап айтқан.

Сондай-ақ, спортшы бұл жеңіске жетуіне өзінің салмағынан бөлек салмақта бәсекеге түсуінің өзі кедергі келтіре алмаған.

«Мен 85.6 кг дейінгі салмақта күш сынадым. Ал өзімнің салмағым 82 кг артық емес.  Ал менің қарсыластарым 90 кг-нан төмен, ол жарыс барысында қатты сезіліп тұрды», - деп түсіндірді А. Махметов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айдар Махметов «Париждің ашық чемпионаты» халықаралық турнирінде джиу джитсудан абсолютті чемпион атанған болатын. 

Соңғы жаңалықтар