Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері әлемді мойындатты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат -  Маңғыстаулық спортшы әлем чемпионатынан жүлделі оралды. Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен жарысқа дүниежүзінің 45 мемлекетінен 1000-ға жуық спортшы қатысқан болатын. Жалпы командалық есепте ұлттық құрама 5-ші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орынбек Қонысов алғашқы әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. 20 жасар жігіт 94 салмақта бақ сынады. Бірнеше кездесу өткізіп, қарсыластарын тізе бүктірген. Жартылай финалда үндістандық спортшыны жеңіп, ақтық кезеңде Грециядан келген қарсыласына есе жіберген.

«Әлем чемпионатына дайындық жақсы болды. Негізі мақсат «алтын» болды. Бірақ, «күміс» бұйырды. Осы жарысқа дайындаған бапкерім Болат Дүйсенбиевке көп рақмет»,- дейді Джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Орынбек Қонысов.
null

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы спорттық бәсеке Абу-Дабиде наурыздың 1-і мен 4-і аралығында өтті. Ұлттық құрама сапында 70-ке жуық спортшы шықты. Олар 1 - алтын, 4-күміс және 6-қола медаль еншіледі. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік 10-тың қатарына кірді.

Джиу-джитсудан МО құрамасының бас бапкері Болат Дүйсенбиевтің айтуынша, барлығы 45 мемлекет қатысты. Маңғыстаудан 8 спортшы шықты. Соның біреуі екінші орын алды. Өткен жылы көрсеткіш жақсы болды. Ол кезде бір чемпион, бір күміс жүлдегер және бір қола жүлдегер болып едік. Енді дайындықты күшейтеміз.

«Жеңіспен оралған жерлестер келесі сайысқа дайындықты бастады. Алда жастар мен жасөспірімдер үшін сынақ көп. Сондықтан, еңбек бәрін жеңбек,-дейді спортшылар.

Соңғы жаңалықтар