Қазақстандық дизайнерлер Париждегі сән апталығына барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дизайнерлер өздерінің киім үлгілерін Париждегі сән апталығында ұсынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі тележүргізуші, бизнесвумен Динара Сәтжанға сілтеме жасап.

Франция астанасына қазақстандық шеберлер Мәскеудегі Mercedes-Benz Fashion Week Russia сән апталығында көрсеткен киім үлглерімен барады. Оның ұжымдық көрсетілімі ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. 
null  
null 

null 

«Президент ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді сазгерлердің, жазушылардың, суретшілердің туындылары арқылы таныту қажеттігін айтады. Дизайнерлер де осы топқа жатады деп ойлаймын, өйткені олар да шығармашылықтың адамы. 10 жылдан астам уақыттан бері дизайнерлер осы салада жұмыс істеп, оны елдегі танымал салалардың біріне айналдырды», - дейді Динара Сәтжан.

Ол Мәскеуде өзінің киімдер желісін ұсынған 4 дизайнердің бірі болды. Оның айтуынша, көрсетілім күндізгі үште болса да, оны көруге 1000-нан астам адам келген. «Қазақ модельерлерінің Mercedes-Benz Fashion Week Russia-ға қатысуы көршілеріміздің жаңа қырларын ашты», - деп жазады «Дни.ру» интернет басылымы.

«Біздің коллекциямыздың көрермендерге ұнаған себебі, меніңше, онда біздің төл ұлттық ерекшеліктеріміздің көрініс табуында жатыр. Мен өз коллекциямды қазақ және орыс мәдениетін сабақтастырған әнші Роза Бағланованың 95 жылдығына арнадым. Mercedes-Benz Fashion Week басшысы өз сән апталығын біздің коллекциямызбен ашпағанына өкініп те қалды», - дейді Д. Сәтжан.

Енді дизайнерлер Парижге дайындалып жатыр. Шарада 70-ке жуық киім үлгісі көрсетілетіні жоспарланған. Париж сән апталығында да ұлттық төл ерекшеліктердің көрініс табуына көңіл бөлінеді.
null 

null 

Соңғы жаңалықтар