Қазақстандық дипломат ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жұмыс тобын басқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі Ауғанстан бойынша жұмыс тобы мен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетіндегі терроризм және экстремизммен күрес мәселелері бойынша жұмыс тобының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлады Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сайтында.

Сондай-ақ, бірлескен отырысқа Талибан, Әл-Каида және ИГИЛ бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі комитеттеріндегі Мониторингтік топ өкілдері қатысты.

Бірлескен отырысы барысында Ауғанстан Ислам Республикасы аумағындағы әскери-саяси жағдаймен байланысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Ауғанстандағы ИГИЛ мен өзге де лаңкестік ұйымдар қызметінің жанданғаны, елдің оңтүстігіндегі тұрақсыздықтың солтүстікке ауысқаны, лаңкестік пен экстремизмнің ҰҚШҰ жауапкершілігіндегі аймаққа өту қаупі мәселелері көтерілді.

Юрий Хачатуровтың айтуынша, бұл мәселелерді шешу ауғанстандықтар мен барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Сол себепті ҰҚШҰ сәйкес халықаралық ұйымдармен, ең алдымен БҰҰ бейіндік құрылымдарымен Ауғанстан мәселесі бойынша өзара ықпалдастықты нығайта түседі.
null 

Одан бөлек, Мәскеуде ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Алымбай Сұлтановтың және ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің Ауғанстан бойынша ұлттық үйлестірушілерінің қатысуымен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлер кеңесіндегі Ауғанстан бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Ауғанстан бойынша жұмыс тобының жетекшісі ретінде Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ Айрықша тапсырмалар бойынша елшісі Сергей Василенко тағайындалды.

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі Ауғанстан бойынша жұмыс тобының келесі отырысын 2018 жылдың қазан-қараша айларында өткізу жоспарланған.

null 

Соңғы жаңалықтар