Қазақстандық десантшылар НАТО сарапшыларымен тәжірбие алмасты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның десантшылары «Іле» оқу-жаттығу алаңында НАТО өкілдерімен бірлескен семинар өткізді. Басты мақсат радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптерге дайын болу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинар барысында қазақстандық десантты-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Бельгия, Ұлыбритания және Әзербайжаннан келген НАТО ұйымының өкілдерімен өзара тәжірбие алмасты.

«Олар радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптерден қорғаныс мәселелерін талқылап, қажетті әдістерді әскерде қолданудың мүмкіндіктерін пысықтады. Біздің қызмет уақыт ағымымен қатар жүруі қажет. Бүгінгі таңда төнуі мүмкін қауіптер жаңа трансшекаралық сипат алып отыр. Ал жаппай қырып-жою қаруының бөтен қолға түсуі орны толмас шығындарға алып келуі мүмкін. Сондықтан радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды қадағалап, қауіпті уақытылы анықтап, тиісті шараларды қолдана білу керек», - дейді, гвардияның РХБҚ қызметінің басшысы Нұрпейіс Молдияров.

Семинарда барлығы осы сала бойынша 30-ға жуық маман қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай оқу-жаттығулар мен семинарлар жиі өткізіліп тұратынын айтады.



Соңғы жаңалықтар