Қазақстандық Денис Евсеев халықаралық турнирде топ жарды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық Денис Евсеев Шымкентте сыйақы қоры 15 мың доллар Futures ITF сериясының халықаралық турнирінде екінші апта қатарынан жеңіске жетті, деп хабарлайды СИА «SPORTINFORM»  Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Финалда қазақстандық турнирдегі төртінші ракетка ресейлік Павел Котовты 7:5, 6:1 есебімен сүріндірді.

Евсеев грузиндік теннисші Александр Метревеллимен бірге жұптық сайыста турнир чемпионы атанған болатын. Шешуші сәтте Евсеев пен Метревелли  ресейік Владимир Королев пен Денис Клоканы 5:7, 7:6, 10:6 есебімен сүріндірген еді.

Еске сала кетсек, бір апта бұрын да қазақстандық осындай турнирге қатысқан. Онда финалда ресейлік Иван Гаховты 6:4, 5:7, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар