Қазақстандық делегация Ресейдің спутник құрастыратын компаниясына барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Академик М.Ф. Решетнёв атындағы «Ақпараттық серіктік жүйелер» (АСЖ) компаниясына Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ресейлік компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің жетекші спутник құрастыратын компаниясына барған делегациясының құрамында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, республикалық ғарыштық байланыс орталығы мен «Ғалам» француздық-қазақстандық кәсіпорнының өкілдері бар. Делегацияны вице-министр Марат Нұрғожин басқарады.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының делегация мүшелері, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы мен академик М.Ф. Решетнёв атындағы АСЖ компаниясының өкілдері телекоммуникациялық ғарыштық құрылғыларды жасап шығару туралы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауда.

М.Ф. Решетнёв атындағы АСЖ ресейлік компаниясы қазақстандық байланыс серігі мен хабар тарататын KazSat-3-ті жасап шығарған. 

Соңғы жаңалықтар