Қазақстандық бойжеткен Қытайда өткен шахмат турнирінен «күміс» алды

None
None
БЕЙЖІҢ-ЧЭНДУ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласынан шыққан 25 жастағы қазақстандық шахматшы Гүлісхан Нахбаева Азия чемпионатында шахматтан күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.

2017 жылдың 21 мамыры күні ҚХР Сычуань провинциясы Ченду қаласында аяқталған  10 күндік чемпионатқа Қытай, Үндістан, Филиппин, Вьетнам, Сингапур, Малайзия, Бангладеш,  Иран, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген 119 шахматшы қатысты.

Додаға қатысқан 50 әйелдің арасынан бірінші орынды Вьетнамнан келген спортшы Во Тхи Ким Фанг (7,5 ұпай),  екінші орынды қазақстандық Гүлісхан Нахбаева (7 ұпай), үшінші орынды үндістандық шахматшы Р.Вайшали (6,5 ұпай)  иеленді. Сондай-ақ, үздік шахматшылар жетілігіне қазақстандық Ринат Жұмабаев, отыздығына - Азамат Өтеғалиев енді. 

Соңғы жаңалықтар