Қазақстандық боксшы қыздың қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы қыз Фируза Шарипованың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол алдағы өтетін жекпе-жегінде ресейлік боксшы Юлия Чернобородовамен жұдырықтасады. 22 жастағы Юлий ақпан айында Ресейдің Орталық федералды округының "алтын" жүлдесін жеңіп алған. Ол жас әрі талантты боксшылардың бірі.

Қос боксшы арасындағы айқас 4 наурыз күні Мәскеуде өтеді. Қазіргі уақытта Фируза Шарипова Флойд Мейвезердің бокс академиясында жаттығу жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар