Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш дүркін чемпионы Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта сұлатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жекпе-жек Мәскеу қаласындағы «Крылья Советов» спорт кешенінде өтті.

Отандасымыз Кособуцкий осыған дейін  17 кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жеткен украиналық Алекснадр Нестеренконың жеңіліс санын жеңісімен теңестірді. Ол осыған дейін 8 рет жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.

Айта кетейік, Кособуцкий кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін қараша айында беларусь боксшысы Олег Заблотскийге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар