Қазақстандық боксшы қарсыласын 1 минутта нокаутпен жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жегінде қарсыласын 1 минут 52 секундта техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына «Қуан, қазақ Мадияр Әшкеев қарсыласын 1 раундта құлатып жеңіске жетті», - деп жазып, жекпе-жек алаңынан түсірген видеоны жариялады.

Отандасымыз америкалық боксшы Хосе Антонио Абреумен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек бар болғаны 1 минут 52 секундқа ғана созылды. Отандасымыздың Хосе Антонио Абреуге тиген жойқын соққысына қарсы тұра алмай, тізерлеп барып құлаған. Осыдан кейін,  төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Бұл отандасымыз Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісі. Ол әлі бірде-бір жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсіргені туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар