Қазақстандық байқаушылар Әзербайжандағы референдумға қатысушылардың белсенділігін бағалады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда референдум қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков мәлім етті.

«Біз екі күн бойы референдумның дайындық үдерісі мен өткізілу барысын бақылап отырмыз», - деді Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының өкілдерінен тұратын халықаралық миссияны басқаратын Нұрлан Дулатбеков.

«Таңертеңгі сегізден бастап бірнеше сайлау учаскелеріне бардық. Белсенділік айқын көрініп тұрғанын атап өткен жөн. Адамдар сайлау учаскелеріне   ашылмай тұрып, жинала бастады. Жергілікті сайлаушылардың да белсенділігі жоғары», - деді халықаралық миссия басшысы.

Ол сондай-ақ референдум қалыпты жағдайда өтіп жатқанын атап өтті.

Әзербайжанда елдің Конституциясына өзгеріс енгізу мақсатында референдум өткізіліп жатыр. Дауыс беру барысын бақылау үшін Орталық сайлау комиссиясында 117 халықаралық бақылаушы аккредиттеуден өтті. Бұлар ­­­-  парламент депутаттары, 35 мемлекеттің өкілдері, Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясын қоса алғанда, түрлі халықаралық ұйымдар өкілдері. Тұтастай байқаушылардың саны, шамамен, 53 мың адам.

Соңғы жаңалықтар