Қазақстандық бал Қытайға экспортталмақ

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық бал өндірушілер Қытай нарығына шығуға мүдделі. Ол үшін бал өңдейтін кәсіпорындардың технологиясы халықаралық талаптарға сай болуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Көрші елден келген сарапшылар еліміздің үш өңірінде болып, омарташылардың жұмысымен танысты. Мамандар Алматы облысындағы «Лепсі өнімдері» бал зауытында әселді ыдыстарға құю, қораптарға салу процестерін көріп шықты. Бұл кәсіпорын 2016 жылы іске қосылған. Алғашқы кезеңде 40 тонна бал өндірсе қазір өнім көлемін 300 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Әселден бөлек мұнда жабайы жеміс-жидектерден түрлі тосап, шырындар шығарылады.

«Қытай сарапшыларының тексеруінің нәтижесі бойынша қазақстандық омарта шаруашылықтары Қытай Халық Республикасына импорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енгізуге мүмкіндігі бар», - деді ҚР АШМ департамент директорының орынбасары Олжас Аусабаев.

Соңғы жаңалықтар