Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер Азия чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркменстан астанасы Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Альберт Линдер жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, 69 кг салмақта өнер көрсеткен А.Линдер қоссайыс қорытындысында 335 кг. көрсеткішпен бірінші орынға көтерілді. Сөйтіп 21 жасар Альберт ересектер арасында да озық нәтиже көрсетіп, мықтылармен тайталаса алатындығын танытты.

Осылайша, Ашхабадтағы Азия біріншілігі Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды.

Соңғы жаңалықтар