Қазақстандық әуекомпаниялар жаңа ұшақтар сатып алуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әуе компаниялар әуе паркін жаңарту бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды. 

«Эйр Астана» әуе компаниясы халықаралық лизингтік компаниялармен алты жаңа Airbus A320neo ұшағын жеткізіп беру келісімшарт жасасты. Тапсырыс үш «Airbus A320neo» және үш «Airbus A321neo» әуе лайнерлеріне берілген. Тапсырыс 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде орындалады. Осылайша, 2020 жылға дейін әуе тасымалы флотындағы «Airbus A320neo» ұшағының саны 17 данаға жететін болады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен «Dubai Airshow 2017» аэроғарыштық көрмесінің аясында отандық SCAT әуе компаниясы алты «Boeing 737 MAX 8» ұшағының тапсырыс беру шартына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар