Қазақстандық арулар үшін Инстаграм-кастинг жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан аруы» ұлттық конкурсының ұйымдастырушылары қазақстандық арулар үшін Инстаграм-кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті, Қазақстанның арулары!» «Қазақстан аруы» ұлттық конкурсының жаңа форматы - Инстаграм-кастингтің үздік ондығы.Кастингке қатысу үшін өздеріңіздің парақшаларыңызда суреттеріңізді (толықтай түскен және 3-4 сурет) жариялаңыз. Сондай-ақ өзіңіз туралы видео жариялаңыз. Хэштегіңізді көрсетіп, постыңыздың астына байқауға қатысатын достарыңыз туралы да айта кетіңіз»,-делінген Инстаграм-да.

Кастинг 3 аптаға (24 ақпанға дейін) созылады және ақпанның соңында үздік 10 қыз анықталады. Олар бірден финалға шығады. Мекенжайды нақты көрсету қажет, себебі алдағы уақытта бет-бет сыннан өтесіз. Байқауға тұрмыс құрмаған 17-ден 25-ке дейінгі жас аралығындағы, бойы 168 см-ден кем емс қыздар қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар