Қазақстандық ардагер дзюдошылар Әлем Чемпионатынан 7 медаль иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Ольбия қаласында дзюдодан ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатында отандастарымыз жалпы 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 64 елінен 1000-ға жуық ардагер дзюдошы қатысқан жылдың ең маңызды додасында Қазақстан құрамасы атынан 30 спортшы қатысып, 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Әлем Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Жеңімпаз - Аманбай Қыздарбаев (М4-90 кг)

Жеңімпаз - Азамат Мұқашев (М2-73 кг)

Күміс - Нұрлан Жарашуев (М7-100 кг)

Қола - Даурен Мукушев (МЗ-90 кг)

Қола - Анатолий Веклич (М8-90 кг)

Қола - Игорь Заднепрянный (М5-100 кг)

Қола - Денис Коробков (М3 -90 кг)

Соңғы жаңалықтар