Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайда ерекше танымал бола түсті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Хунан TV singer2017 ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың Қытайда танымалдылығы артып келеді.

Қытайлық басылымдардың хабарлауынша, байқаудың түсірілім жұмыстары өз мәресіне жеткен. Алайда жобаның әлі эфирге шықпағанына қарамастан Димаштың танымалдылығы күн сайын артып келе жатыр. Қазақ әншінің өнеріне тәнті болған жергілікті тұрғындар итернеттен Димаштың бұған дейін орындаған қытайлық танымал әнші Хан Хунның «Таң» атты әні мен «Дайдай-ау» әнін жоғары бағалаған.
null  

Бұған дейін Димаш жобаның бірінші кезеңінде француздардың ең қиын әнінің бірі болып табылатын әйгілі «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындағанын хабарлаған болатынбыз. Ал қытайлық сайттардың хабарлауынша, Димаш екінші кезеңде орыстың жоғары дауысты әншісі Vitas-тың Опера2 әнін сәтті орындаған.

Vitas ерекше дауысымен Қытайды таң қалдырған әнші. Бұл күнде қытайлық әнсүйер қауым Димаштың ресейлік әншіден де танымал болатынына сенімді. Ал әншінің жақында ғана ашқан Sina Weibo (Туиттердің баламасы) әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңға жеткен. Алғашқы эфирден кейін димаштанушылардың саны күрт көбеюі мүмкін.
null  

Жобаның түсірілімі барысында Димашқа қытай тілінің айтарлықтай қиындық келтіргені белгілі. Әйтсе де жас әнші бұл қиындықтардың барлығын еңсеріп келеді.

Алғашқы эфир бүгін Хунан телеарнасынан көрсетіледі.



Соңғы жаңалықтар