Қазақстандық-америкалық ЖОО-лардың І форумы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен Қазақстандық-америкалық жоғары оқу орындарының І форумы барысында үш тілде білім беруді дамыту бағыты талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев пен Қазақстандағы АҚШ Елшісі Дж. Крол қатысты.   

Шараның басым міндеті университеттер әріптестігі (қос диплом бағдарламалары, тағылымдамалар, шетелдік студенттерді тарту) бойынша америкалық тәжірибесін зерттеу, ағылшын тілі оқытушыларын даярлау және саладағы басқа да шараларға негізделген.

Атап айтқанда, шараның жұмыс бөлігі ҚР БҒМ өкілдерінің Қазақстандағы білім реформасының барысы жөнінде таныстырудан басталды.   Онда Орталық Азияда білім беру хабын дамыту, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту әдістемелері, сондай-ақ қазақстандық білім беру жүйесінің үш тілде оқытуға ауысуы мәселелері қозғалды.

«Америка тарабы форум барысында үш тілде білім беруді дамыту стратегиясы, Қазақстандағы университеттер әріптестігі тұрғысында стратегиялық ойлау, ХХІ ғасыр үшін ағылшын тілінде оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша таныстырылымдар жасады»,-деп атап өтілген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Форум аясындағы секциялық отырыстарда қазақстандық тарап америкалық жоғары оқу орындарымен ағылшын тілі оқытушыларын даярлау және университеттер әріптестігін нығайту тәжірибесі жөніндегі мәселелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар