Қазақстандық актриса джиу-джитсудан өткен халықаралық жарыста «алтын» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Мөлдір Мекенбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде бразилиялық джиу-джитсудан өткен Халықаралық Грэнд Слэм жарысында алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM». 

«Мен 3 мәрте боз кілемге шықтым. Біріншісін сабмишнмен жеңдім, қалған екі белдесуді ұпай санымен алып кеттім. Әрине, қиындықтар қайда болса да бар, бірақ маған ұнайды. Бұл менің Абу-Дабиге екінші рет келуім. Бірінші рет 2016 жылы әлем чемпионатына келдім. Бүгін міне, Grand Slam World Tour халықаралық жарысында белдестім. 2018 жылды мен «алтынмен» бастадым және бұл менің алдағы жетістіктердің жалғасы болады деп үміттенемін»,-деді «Мұраға қалған махаббат» (Любовь по наследству) және «Саяхатшы» (Путешественник) сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы танымал Мекенбаева.

Айта кетейік, қазір Мөлдір «Қазақ батырлар» тарихи сериалына түсіп жатыр. Ол онда басты рөлді ойнайды.

Соңғы жаңалықтар