Қазақстандық Ахмедов кәсіби рингте бесінші жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (5-0, 4 КО) Польшада беларусь Владимир Харкевичпен (2-7-1, 2 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

21 жастағы Ахмедов төрешілердің шешімімен 30 жастағы беларустік боксшыны ұтты.

Бұл  Алидің Қазақстаннан тыс жердегі алғашқы  айқасы. Оның үш жекпе-жегі Алматыда, біреуі Астанада өтті, барлығы нокаутпен аяқталған.

Соңғы жаңалықтар