Қазақстандық 9 боксшы IBO ТОП-100 рейтингіне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық 9 кәсіпқой боксшы Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңартылған рейтинггіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа рейтингіде  жартылай ауыр салмақта Әли Ахмедов 12 сатыға жоғарлап 40 - орынға, бірінші жартылай орта салмақта Батыржан Жүкембаев 18 саты жоғары жылжып 48 - орынға жайғасты.

Бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев (32 - орын), жеңіл салмақта Жанат Жақиянов(17 - орын) орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (89 - орын) өз рейтингілерін сақтап қалды.

Бірінші орта салмақта Қанат Ислам 1 сатыға алға жылжып, 6 - орыннан көрінді. Ал жартылай орта салмақтағы боксшы Жанқош Тұраров 58 (-1), жеңіл салмақта Айдар Шарибаев 98(-3), бірінші жеңіл салмақта Бекман Сойлыбаев 50(+1) - орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар