Қазақстандық 5 шорт-трекші Олимпиадаға жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын шорт-трекшілеріміздің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 23 қараша күні Әлем кубогының сериясынан кейін, Халықаралық конькимен сырғанау одағы 2018 жылы XXIII қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшыларды атаған.

Шорт-трекшілерге олимпиадалық жолдама 19 қараша мен 28 қыркүйек аралығында Будапештте (Венгрия),  Дордрехт (Нидерланды), Шанхай (Қытай) және Сеул (Корея) қалаларында өткен әлем кубогындағы нәтижелерге қарай берілген.

Осы кезеңдердің нәтижесінің қорытындысына сәйкес бес қазақстандық спортшы Қысқы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Олар - ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев (500 м, 1 000 м және 1 500 м), Абзал Ажғалиев (500 м), Денис Никиша (500 м) және қыздар арасында Йонг Ким (500 м, 1 000 м және 1 500 м), Анастасия Крестова (1 000 м және 1 500 м) бар.

Соңғы жаңалықтар