Қазақстандық 44 оқушы «Туймаада» Халықаралық олимпиадасында бақ сынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-22 шілде аралығында Саха Республикасының Якутия қаласында математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың «Туймаада» XXIV Халықаралық олимпиадасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан мәлім еткендей, Олимпиаданың мақсаты - негізгі ғылымдар саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен байланыс нысандарын кеңейту, оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ынталандыру.

Олимпиадаға Қазақстан, Румыния, Cингапур, Индонезия, Татарстан мен Ресейден барлығы 145 оқушы қатысты.

Қазақстандық оқушылар аталмыш бәсекеден жыл сайын жүлделі орындармен оралады. Биыл республикамыздан 44 оқушы  қатысты, оның жетеуі Қазақстан құрама командасының мүшесі.

«Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Басов Ярослав қола медальға және ІІІ дәрежелі дипломға ие болды», - деп хабарлады «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан.

  

 

 

Соңғы жаңалықтар