Қазақстанды жарқын болашақ күтіп тұр - кореялық ғалым

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі төрт ең ірі ғылыми баспа үйлерінің бірі саналатын «Elsevier» директорлары кеңесінің төрағасы Чи Йонгсунг Қазақстанның ғылыми зерттеу нәтижелеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Чи Йонгсунг жылына әлемдегі барлық ғылыми журналдардың төрттен бірін шығаратын «Elsevier» баспа үйінен Астанаға арнайы келіп отыр. Ол Қазақстанға әрбір рет келген сайын Астана қаласының озық сәулетіне қызыға қарайтынын айтады. Әсіресе, шетелдік мейман Астананың әуежайынан келе жатып, алып шар - «Нұр Әлемді» көріп, таң қалған. Мейманға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі үшін бой көтерген «Нұр Әлем» - Қазақстанның ғылым мен инновацияға ұмтылғанының символы іспеттес көрінген екен.

null 

«Нұр Әлемді» алғаш көрген кезімде биіктігі 30 метрлік Оңтүстік Кореяның ғылыми бағында жасалған «Daejeon Expo-93» шары көз алдыма елестеді. Мен өмір есігін ашқан уақытта Оңтүстік Корея әлемдегі ең кедей елдердің бірі болатын. Әр адамның басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 1961 жылы 90 АҚШ долларына тең еді. «ЭКСПО-1993» көрмесіне тұспа-тұс ғылым мен технологияға салынған ұлттық инвестициядан кейін Оңтүстік Корея қазіргі таңда экономика жағынан әлемде 11-ші орыннан көрініп отыр. Бүгінгі күні мен «Нұр Әлемді» мен сіздердің ғылымды дамытуға деген талпыныстарыңызды көргеннен кейін дәл осындай жарқын болашақ Қазақстанды да күтіп тұр деген ойға келдім», - дейді ол.

Чи Йонгсунгтың айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары ғылым мен технология қаржы бөлуді арттырып келеді. Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшіктік секторында және ғылым спектрінде қаржыландыру көбейіп отыр.

«3 V» құрылымы туралы атап өткім келеді. Ол өнімнің көлемі, жылдамдығы мен әртүрлігі дегенді білдіреді. Дәл осы үш артықшылық әлемдегі елдердің ғылыми дүмпуіне әкеледі. Осындай ғылыми дүмпу Қазақстанда сезіліп келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақстанда ғылыми нәтижелерді инвестициялау бойынша көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бүкіләлемдік банк пен Қазақстанның технологияларды коммерцияландыру бойынша бірлескен жобаларының нәтижелерін бақылай отырып, осылай деп ой түйдік. Мұнай өндірудегі полимерді ысыру немесе биомедицина жұмысындағы ДНК жүйесін тестілеу жетістіктері зертханаларда қалып қоймай, бірден нарыққа жол тартып жатыр», - дейді шетелдік мейман.

Ол сонымен бірге, Қазақстандағы ғылыми өсім шекарамен шектеліп қалмай, халықаралық серіктестерді тартып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Үкіметті ғана емес, бизнестің де ғылымды қаржыландыруға күш салатын уақыты келді. Ғылыми көрме бизнестің зор әлеуетін көрсетеді. Қазақстанда ғылыми дүмпудің барын көріп отырғаннан кейін ҚР БҒМ-мен серіктесе жұмыс атқаруды асыға күтеміз. Бүгін біз Қазақстанда Science Direct және Scopus атты негізгі өнімдерге Қазақстанның 263 компаниясына ұлттық лицензия беру бойынша келісімге келмекпіз. Science Direct - Elsevier компаниясының ең үздік ғылыми платформасы. Ол осы елдің студенттеріне, зерттеушілеріне, ғылыми қызметкерлеріне әлемдегі ең бай ғылыми базасына жол ашады. Ғылыми мәліметтердің бай қоры арқылы ғалымдар өзіне қажетті дүниені таба алады», - дейді Чи Йонгсунг.

Айта кетерлігі, ScienceDirect - ғылыми мақалаларға жол ашатын ақылы сайт. 1997 жылы іске қосылған. Онда 2500 ғылыми журнал мен 26000 электронды кітап бар. Ол әлемдегі төрт ең ірі ғылыми баспа үйлерінің бірі саналатын «Elsevier» баспа үйіне қарайды.

Соңғы жаңалықтар