Қазақстанды Челябинскідегі ІТ-орталықтың жұмысы қызықтырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Челябинскідегі мемлекеттік университет пен ІТ-орталықты аралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бізді аймақтық билікпен серіктесе жұмыс атқаратын ІТ-орталық мен жобалар қызықтырады. Ауқымы кең Оқушылар сарайын салып жатырмыз. Осындай орталық ашқымыз келеді», -дейді Құмар Ақсақалов.

Челябинск мемлекеттік университетінің ақпараттандыру жөніндегі  проректоры Михаил Политов теориялық тұрғыда ғана емес, тәжірибелік бағытта да сапалы білім беру маңызды екенін атап өтті.

«Бізде балаларға базалық деңгейде ғылымның не екенін түсіндіретін жұмыстың бастапқы бөлігі бар. Жүйені терең меңгермесе, алға озарлықтай жұмыс атқару да оңай болмайды», - дейді Михаил Пилотов.

Оқу процесінің құрылымдық тұжырымы теория мен тәжірибені ұштастыруға негізделген. Оқытушылардың бұл бағыттағы көмекшілері - зауыттар мен кәсіпорындар.

Желілік оқыту зертханасында студенттер ІТ-инфрақұрылымдар мен оларды құру жолын үйренеді. Жас ғалымдардың қолымен жазылған көптеген бағдарламалар мен жобалар олардың өздері үшін табыс көзі бола алады.

Еске сала кетсек, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы қатысу үшін бүгін Челябинск қаласына келген болатын. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Соңғы жаңалықтар