Қазақстандағы жомарт адамдар өздерін жария еткенді қаламайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жасаған қайырымдылық шараларын жариялағанды қаламайтын бизнесмендер көп. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы алғанда, бізде қайырымдылық ауқымы айтарлықтай үлкен деңгейде, яғни осымен бизнесмендер және басқа да көптеген адамдар осымен белсенді айналысады. Бірақ жасаған қайырымдылық шаралары туралы жұртшылыққа жариялағанды қаламайтын адамдар да көптеп кездеседі. Сондықтан бұл бағытта тура статистиканы жүргізу қиындау», - деді Нұржан Әлтаев Мәжілісте тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Бұл құжатта «Қайырымдылық туралы» Заңына туған жерді қолдау үшін қайырымдылық жасау  тәртібін реттейтін түзетулер енгізу жолымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру ескерілген.

Соңғы жаңалықтар