Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
2017 жылғы 30 қыркүйек 11:47 624

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірен-саран кадрлық өзгерістер орын алып, ұлттық компаниялар мен екінші деңгейлі банктерде тағайындаулар жүргізілді.  ҚазАқпарат өтіп бара жатқан апта ішіндегі кадрлық тағайындауларға дәстүрлі шолуын жасайды.

Сонымен, ҚР Үкіметінің қаулысымен Бекешев Бауыржан Бейсенбайұлы Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Бауыржан Бекешев 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

1983 жылы Қарағанды политехника институтын, 2001 жылы - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - инженер-механик, заңгер. 

Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды қаласында өндіріске оқыту шебері қызметінен бастаған.

1986-1997 жылдары инженер-конструктор, «Қарағандыкөмір» ӨБ тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу зауытының комбайндар жөндеу цехы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

1999-2008 жылдары «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» МБ-де, Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында, «Қазақстандық ПЭТ-қаптама өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ-де жұмыс істеген.

2008-2014 жылдары индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, экономикалық даму және сауда, өңірлік даму, ұлттық экономика министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарған.

2014 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеген. «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен Бейнеубек Әбілов Бейнеу ауданынының әкімі болып қызметке кірісті.

Бейнеубек Әбілов 1975 жылы 16 қаңтарда Маңғыстау облысының Бейнеу селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары.

1998 жылы Ақтау мемлекеттік университетінде инженер-механик, 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер және 2012 жылы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде инженер-құрылысшы мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1995 жылы Ақтау қаласы әкімшілігінің Жас-өспірімдер, туризм және спорт істері жөніндегі бөлімнің маманы болып бастаған.

«Шағырлы шөмішті» ЖШС-ның,  «Жолаушы» ЖШС-ның, «Каскор-Дикфа» ЖАҚ-ның, «Ремгазмонтаж» ЖАҚ-ның, «Завод пластических масс» ЖШС-ның конкурстық басқарушысы қызметтерін атқарды.

Одан кейін Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығының міндетін атқарушы, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бастығы, департамент директорының міндетін атқарушы, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымдарында болған.

2015 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қаулысымен Рахимов  Ермек Анатольевич Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ермек Анатольевич 1984 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын, Лондон университетін «опера әншісі», «өнер магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласындағы «Болашақ» қауымдастығының бас менеджері, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші қызметтерінен бастады.

2011 жылы Алматы қаласындағы «Болашақ» корпоративтік қорының директоры қызметіне тағайындалды.

2011-2013 жылдары Астана қаласындағы «Болашақ» корпоративтік қоры директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары Астана қаласындағы ұлттық картиналар галереясы директорының орынбасары.

2015-2016 жылдары Астана қаласындағы мәдениет және өнер істері жөніндегі департаменттің музейлер және кітапханалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы лауазымында болды.

2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Мұнан бөлек, осы аптада Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев судьялық қоғамдастыққа аудандық және оған теңестірілген судьяларды таныстырды. ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы қызметіне  Айбек Амангелдин мен Досжан Жұмаев, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы лауазымына Айгүл Сайлыбаева, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Нариман Бекназаров тағайындалған болатын.

Бауыржан Бишенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары лауазымына кірісті. Ал 2016-2017 жылдары аталған АҚ басқармасы төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келген Талғат Әдуов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымына ауысты.

Бауыржан Бишенов 1983 жылы туған, құқықтану мамандығы бойынша «Әділет» құқық жоғары мектебін, юриспруденция мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Ақмола көлік прокуратурасынан бастаған.

2006 жылы Астана Денсаулық сақтау департаменті материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы болды.

2006 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Заң департаментінің Заң шығармашылығы қызметі басқармасында жұмыс істеді.

2008-2012 жылдар аралығында «Жолаушы тасымалы» АҚ-та кінәрат-қуыным және нормативтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы, заң басқармасының кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің бастығы, заң қызметінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.

2011 жылдың қарашасынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, басқарушы директоры, Атқарушы директоры лауазымдарын атқарды, басқарма мүшесі.

2015 жылдың желтоқсанынан 2017 жылғы қыркүйекке дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі болды.

Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне кіретін "Qazaq Banki" АҚ (Алматы) басқарма құрамының өзгергенін мәлім етті. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Келімбетов басқарма мүшелігінен шығарылды. Енгізілген өзгерістерді есепке алғанда, Qazaq Banki-нің басқарма құрамы мынадай: Ғани Тоқсанбаев (басқарма төрағасы), Гүлнар Сүлейменова, Қазбек Тоқсанбаев, Ким Ден Ун.

 

 

Басты сөздер: Басқа меморгандар, Тағайындау,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер