Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 332.68
EUR 389.40
RUB 5.60
CNY 49.85

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
2017 жылғы 13 тамыз 14:35 684

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Өтіп бара жатқан апта ішінде еліміздегі кадрлық ауыс-түйістер жергілікті атқарушы органдарда және дипломатиялық корпуста болды. ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

***

Елбасы Жарлығымен Исландия, Ирландия, Албаниядағы елшілер тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

***

Бұл аптада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Людмила Бұйрабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

Людмила Витальевна 1973 жылы Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясын бітірген. 2004 жылы - Қазақ фармация институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Дәрігер, фармацевт, бизнес басқару магистрі.

Ол өз еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясынан бастаған.

2004-2005 жылдары Х.Мұқажанова атындағы көп салалы клиникалық ауруханада дәрігер болып жұмыс істеді.

Ол 2005-2010 жылдары түрлі мемлекеттік органдарда қызмет атқарды. 2011-2014 жылдары Ұлттық оңалту орталығында, Ұлттық медициналық холдингте, медициналық технологиялар мен ақпараттық жүйелер орталығында жұмыс істеді.

Ол 2014-2015 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бас инспекторы болып қызмет етті. 2015 жылдан қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті кеңсесі Медициналық орталығының орынбасары қызметін атқарды.

***

СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен облыс әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi өкiлеттi өкiлi болып Дулат Қаратайұлы Тайшабай тағайындалды.

Дулат Қаратайұлы 1979 жылы Солтүстiк Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданының Хмельницкое ауылында туған.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде, Солтүстiк Қазақстан заң академиясында құқық негiздерi және экономика, юриспруденция мамандықтары бойынша бiлiм алған. 2000 жылы еңбек жолын Тимирязев ауданының «Мичуринский» ЖШС-де экономист-заңгер болып бастады.

2001 жылы Петропавл қаласындағы «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының облыстық филиалында жетекшi маман қызметiн атқарды.

2001-2003 жылдары облыстық әдiлет басқармасының АХАЖ бөлiмiнiң бас маманы болды.

2003-2005 жылдары аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы соттары әкiмшiсiнiң сот атқарушысы болып қызмет еттi.

2005-2017 жылдары Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiң бас маманы қызметiнiң басқарма басшысына дейiнгi өсу жолынан өттi.

2016 жылдан осы тағайындауға дейiн Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiң мемлекеттiк қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы болды.

***

Осы аптада Қарағанды облысының Қаражал қаласына жаңа әкім тағайындалғаны белгілі болды.

Тілектес Досаев жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып қызмет етті.

43 жастағы Досаев Тілектес Темірбекұлы «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша жоғары екі білімге ие. Еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

***

Бұл аптаның ортасында Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Нелли Краснобаева тағайындалды.

Нелли Краснобаева 1969 жылдың 17 сәуірінде Өскемен қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ін «тарих» мамандығы бойынша бітірген. Тарих магистрінің академиялық дәрежесі бар, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Еуропа, Канада және Ресей елдерінің университеттерінде сынақ мерзімінен өткен.

Еңбек жолын 1986 жылы Өскемен қаласының педагогикалық инстиутында кітапханашы болып бастаған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін Өскемендегі ШҚО жол-құрылыс институтында «Философия және әлеуметтік-саяси теория» кафедрасында жұмыс істеген.

2006 жылдың мамыр айынан бастап «Философия және адами дамудың мәселелері» кафедрасында, 2016 жылдан бері «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылым және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасында доцент.

Бірнеше жыл бойы ШҚО ҚХА ғылыми-сарапшы тобын басқарған. ШҚО әкімідігі жанындағы діни бірлестік байланысы бойынша Кеңестің мүшесі.

***

Бұл аптаның аяғында Анастасия Щегорцова Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Анастасия Щегорцова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану факультетін (2003) бітірген, әлеуметтану магистрі дәрежесі бар. Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Тіл комитетінде, Астана қаласы әкімдігінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарған. 

 

 

Басты сөздер: Тағайындау,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер