Қазақстандағы зағип азаматтар Астанадан Парижге велосипедпен жетпек

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы зағип және көздері нашар көретін азаматтар Астанадан Парижге дейін веломарафон өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

«Шекарасыз спорт» әлеуметтік жобасын «Анашым» мүгедек балалар мен жастарды қолдау қоры «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында жүзеге асыруда.

Тамыз айына жоспарланған веломарафонның ұзақтығы 5 мың шақырымды құрайды және ол зағип және нашар көретін велошабандоздар үшін үшінші марафон болмақ. 

«Веломарафон патриоттық бастама, мотивациялық платформа және басқа елдердің қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуға бағытталған. Бұл әлемде мүгедектігі бар жандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ерекше жоба», - деді «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі Бахтияр Базарбеков.

Оның сөзінше, веломарафон бірнеше әлеуметтік жобаны қамтиды.

Айта кету керек, акция жыл сайын өз шекарасын кеңейтуде. Көз жанарынан айырылған және нашар көретін велошабандоздар командасы қазірдің өзінде Алматы - Астана және Алматы - Ыстықкөл бағытында екі веломарафон өткізді.

 

Соңғы жаңалықтар