Қазақстандағы танымал газеттердің бірі жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «InformБЮРО Мегаполис» газетінің соңғы нөмірі жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі informburo.kz бас редакторы Михаил Дорофеевке сілтеме жасап.

Басылым 15 жыл бойы шығарылды. 2015 жылға дейін «Мегаполис» деп аталды. Редакция электронды форматқа көшкен соң, informburo.kz ақпараттық-талдау порталының пайда болуына байланысты аты өзгерді. Соңғы екі жылда газет 7 мың данамен таратылды.

«Қазір бүкіл әлемде баспасөз дағдарысқа ұшырап отыр, өйткені оқырманның көңілі Интернетке ауған. 2015 жылдың мамырынан редакция digital first принципімен жұмыс істей бастады, яғни бірінші кезекте интернет-басылым ретінде жұмыс істедік. Ал газетте сайтта жарық көрген материалдар жарияланып отырды. Енді ол өзін ақтамай қойды, сондықтан да таралым азайып кетті», - дейді Михаил Дорофеев.

Баспагер газеттің дағдарысқа ұшырауына баспасөз дүңгіршіктерінің жабылуы да әсер еткенін айтады.

Соңғы жаңалықтар