Қазақстандағы шетел жұмыс күшінің 90 пайыздан астамы Өзбекстаннан келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтар көбінесе қай елдің азаматтарын жұмысқа тартатынын айтып берді.

«2013 жылы бізде тиісті заңнама қабылданып, оған сәйкес көршілес елдерден Қазақстанға жұмысқа келетін азаматтар 2 АЕК көлемінде патент төлеуі тиіс, яғни оның сомасы 4200 теңге. Тек содан кейін ғана олар ресми түрде жұмысқа жұмылдырылады. Атап айтқанда, оларды заңды тұлғалар емес, жеке адамдар тартады», - деді Б. Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы жеке адамдар жұмысқа 75 мың адамды тартса, былтыр бұл көрсеткіш 145 мың адамға жетті.

«ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, жұмысқа келген шетелдіктердің ішінде 93 пайызы Өзбекстан азаматтары. Яғни бұл адамдар еңбек мигранттары ретінде Қазақстанда ресми түрде жұмыс істеуде», - деп түйді Б. Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар