Қазақстандағы сауда орталықтарының басшылары жауапқа тартылды - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанда өрт қауіпсіздігіне қатысты сауда орталықтарындағы тексерулердің барысы жайында есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Азаматтық қорғау органдары биылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай баратын сауда нысандарының өртке қарсы қорғануына тексеру жүргізді. 2018 жылдың 20 сәуірдегі мәліметі бойынша жалпы 972 тексеріс тағайындалып, оның ішінде 851-і аяқталды. Тексерумен қамтылған нысандарда 10 мыңнан астам ереже бұзу анықталды», - деді Ю. Ильин.

Оның сөзіне қарағанда, барлық кінәлі адамдар әкімшілік жауапқа тартылды, салынған айыппұлдар сомасы 16 млн теңгеден асты. Осы орайда нысандарды пайдаланып отырғандарға аталған кемшіліктерді жоюға қатысты нұсқаулар берілді.

«Осы нысандарда шамамен 2-ден 20-ға дейін ережебұзушылықтар анықталуда», - деді министрдің орынбасары.

Бегілі болғандай, бұл нысандар бойынша бақылау тексерістері ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында басталады.

Бұдан бөлек, ел аумағындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын толықтай орындап келген 11 нысан тіркелді. Бұл ірі сауда орындарында ешқандай кемшіліктер анықталмады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер бизнесмендердің Қазақстандағы ойын-сауық және ірі сауда орталықтарының тексерісіне қарамастан, өз нысандарының өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар