Қазақстандағы Өзбекстан жылы: Екі ел арасында бірнеше туристік бағдар ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» компаниясы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік бағдарлардың санын екі есеге арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлы Жібек жолы бойындағы трансшекаралық бағдарларды ілгерілетуге Қазақстан тарапы биыл ерекше назар аударуда. Қазақстандағы Өзбекстан жылына арнап «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ екі елдің туризміне оңтайлы жағдай жасауға бүгіннен кірісіп кеткен. Мәселен, 2017 жылғы желтоқсан айында Өзбекстан Республикасының туризм жөніндегі комитетінің «Ұлттық туристік өнімді ілгерілету орталығы» мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ арасында тиісті меморандумға қол қойылған. Келісім аясында туристік бизнес өкілдерін кездестіріп, ортақ туристік бағыттарды көптеп ашу көзделуде.

«Ұлы Жібек жолы - үлкен жоба. Оған қазіргі таңда Қытай тарапы да зор қызығушылық танытып отыр. Біз өзбек әрістестермен бірге траншекаралық бағдарларды енгізейік деп жатырмыз. Ол үшін біз Өзбекстанның туристік ведомствосымен екі мәрте кездесу өткіздік. Ендігі кезекте біздің компаниялар өзбек компанияларымен бірге сол туристік бағдарларды жасап жатыр. Қорғасқа аптасына Өзбекстаннан бес автобус келіп-кетіп тұрады. Біздің ойымызша, Қорғаста туристердің келуіне ерекше назар аударылып отырғандықтан, біз сол бағдарларды екі есеге көбейтсек бұл зор жетістік болар еді», - дейді «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы Рашид Күзембаев астаналық журналистер үшін ұйымдастырылған баспасөз турында.

«Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізу аясында бизнес форум және екі елдің туристік операторлары арасында «b2b» форматында кездесулер өткізуді жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар