Қазақстандағы медициналық университеттер мектеп түлектерін қабылдамауы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина саласындағы білім беру жүйесін жаңғырту аясында Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр. Отандық мамандарды қызықтырған тәжірибенің бірі - жоғарғы оқу орындарына мектеп түлектерін емес, медициналық колледжі тәмәмдаған студенттерді қабылдау жүйесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кез келген саланың дамуы немесе құлдырауы кадрға байланысты. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық білім берудің жаңа моделін жүзеге асырғымыз келеді. Бұл модель студенттерді іріктеуге қатысты. Сондықтан, таңдау жасау керек, мектепте биология мен химия пәндерін тереңдетіп оқыған оқушыларды ма, әлде медициналық колледжерде оқыған «дайын» мамандарды қабылдаймыз ба?!» - деді бүгін «Жетекші шетелдік университеттер мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңін қорытындылау туралы» халықаралық конференция аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Жалпы, министр атап өткендей, медицина саласындағы білімді жетілдіру үшін отандық алты университет халықаралық алты университетпен стратегиялық байланыс орнатқан екен. Оның төртеуі - АҚШ университеті болса, екеуі - Еуропаның білім беру орындары екен.

Конференция барысында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Дюк университеті (АҚШ), Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және К. Марцинков атындағы Познан медициналық университеті (Польша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және Гдан медициналық университеті (Польша), Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті және Лунд университеті (Швеция), Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті және Сент-Луис университеті (АҚШ), Астана медицина университеті және Ла Сапиенца университеттерінің (Италия) стратегиялық әріптестіктің 2016 жылға жұмысын қорытындылады. 2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктестіктерінің мақсаттарымен міндеттері, сонымен қатар Қазақстандағы медициналық білімді реформалаудың негізгі кезеңдері  талқыланды.

Соңғы жаңалықтар