Қазақстандағы қылмыспен күреске спутниктер жұмылдырылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қылмыспен күрес жүргізуде спутниктер жұмылдырылады. Бұл туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның президенті Бас прокуратура ғимаратында өткен көшпелі отырыста айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні отандық спутниктер Қазақстан Республикасының барлық аумағын түсіріп, осының арқасында ғарыштық кескіндердің өрнегі (мозайкасы) жасалды. Біз жыл бойы тоқсан сайын Қазақстанның 21 қаласында қаланың құрылысына мониторинг жасау үшін түсірілім жүргіземіз», - деді Ерғазы Нұрғалиев.

Оның айтуына қарағанда, 2016 жылдың қараша айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Бас прокуратура және «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ-пен бірлесіп, «Жер заң бойынша берілсін - өздігінен иемденуді тоқтатайық» атты жоспарды жүзеге асыруда.

«Аталған жоспардың тапсырмасында геопорталды құру бойынша жұмыс қарастырылған. Ол геопорталға жер кадастрының автоматтандырылған жүйесінің кадастрлық мәліметтері мен ғарыштық кескіндерді жүктеуге болады. Ал егер Қылмыс картасы туралы тереңірек айтар болсақ, қала құрылысының ғарыштық мониторингінің басымдықтарын атап өтуге болады. Ғарышта түсірілген кескін мен қаладағы қылмыстарды қалай байланыстыруға болады деген сұрақ туындауы ықтимал. Бұл сұрақтың жауабын табу үшін қылмыстардың ошағы қайда пайда болатынын талдау керек. Әлбетте, тәртіптік бақылауы төмен участоктарда қылмыс көп тіркеледі. Әдетте бұл - азаматтар тұрақты тіркеусіз және қалаға келгені туралы тіркелусіз тұрып жатқан, құрылысы ала-құла аудандар», - дейді Ерғазы Нұрғалиев.

Отырыс барысында сонымен қатар, қылмыс картасының арқасында криминогенді аудандарды анықтауға болатыны айтылды. Ол өз кезегінде қылмыспен күрес жүргізуге көмектеспек.

Соңғы жаңалықтар