Қазақстандағы көне ескерткіштерді шетелдік ғалымдар зерттеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған жұмыстарының нәтижесі: Қазақстан-Жапония, Қазақстан-Германия, Қазақстан-Ресей» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Музейдің баспасөз қызметі.  



Дөңгелек үстел жұмысына Нара ғылыми-зерттеу институтының профессоры Садакацу Кунитаке (Жапония) және танымал ғалымдар мен мамандар, қоғам қайраткерлері, Германия, Ресей, Жапония елшіліктерінің және Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты.



Шара барысында бес жылдық «PALEO SILK ROAD» бағдарламасы аясындағы ҚР Ұлттық музейі мен Тюбинген университетінің (Германия) халықаралық бірлескен экспедициясының бірінші жылғы жұмысы қорытындыланды.

«Бүгінгі өтіп жатқан шараның маңызы зор. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызбен қатар, мәдениетіміз, тарихымызды дамыту, қазіргі қоғамға қажетті бағалы мұраларды қайта жаңғырту жүйелі түрде қолға алынып жатқаны белгілі. Бүгін Ұлттық музейде көпшілік назарына ұсынылып отырған өзге мемлекеттер мен Қазақстан ғалымдарының бірге жасаған экспедиция жұмыстары - аталған бағдарламаның жоғары нәтижесі. Экспедиция мамыр айында басталған. Оның нәтижесі ғылым саласындағы тың жаңалықтар болмақ», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев.

Стратификацияланған палеолит ескерткіштерін іздеу бойынша жүргізілген Майбұлақ кейінгі палеолит тұрағы және Шығыс Қазақстан өңіріндегі қазба жұмыстарына Қазақстан Республикасы ұлттық музейінің ғалымдары, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Чехияның ғылыми мекемелерінің өкілдері қатысты. 

Соңғы жаңалықтар